ЖАМБЫЛДЫҚ БАСТАМА – ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ (ВИДЕОСЮЖЕТ)

0
14

Жамбылдық бастама – дамудың жаңа бағыты.  Үкіметтен қолдау тапқан жобаны жүзеге асыру шаралары нақты қолға алынды. Әр ауданнан бір-бір ауылдық округ таңдалып, ауқымды жоба әуелі  пилоттық режимде жүзеге аспақ.Облыс әкімі Асқар Мырзахметов аудандарға іс-сапарға шығып, қанатқақты бастаманың барысын жіті назарда ұстамақ.  Ондағы мақсат — тұрғындармен тікелей жүздесіп, атқарылар жобалардың барысын барлау. Жамбыл ауданындағы іс –сапардан Ш.Мұратбекұлы тарқатсын.

Аймақ басшысы ә дегеннен Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Еркін форматта өткен жиында ауылдықтар өздерінің көздеп отырған жоспарларымен бөлісті. Ашығын айту керек, бүгінде ауылдардағы жеке қосалқы шаруашылық жерлерін ұтымды ұқсату ойдағыдай емес. Оны тиімді табыс көзіне айналдыру — тұрғындардың тікелей өзіне байланысты болып отыр. Ал, жоба аясында жергілікті халыққа қолдау мүмкіндігі ретінде 2,5 пайызбен несие берілмек. Кездесуде Асқар Исабекұлы осыны баса айтып, көкейдегі көп сауалдарға нақты жауаптар беріп, түйткілді жайттарды жан-жақты  түсіндірді. Бесағаш ауылдық округіне Бесағаш және Түрксіб елдімекендері қарайды. Онда барлығы 1 336 аула иелері және 10 көпқабатты  тұрғын үйде  тұратын 160 отбасы бар. Жалпы халық саны — 6 820 адам. Округтегі 1176 аулада жеке қосалқы шаруашылығы бар десек, Ондағы үй іргесіндегі жер көлемі 154,9 гектарды құрайды. Оның сумен қамтылғаны 771 аула, пайдаланбай жатқаны 405 аула. Бүгінге дейін жобаның бірінші бағыты бойынша осы округтен 1176 аула өтінім беріп  үлгерген. Ал, мал шаруашылығы бойынша 128 аула иелерінен тиімді несиеге деген сұраныс түскен. Басқа да бағыттары аясында  қызу жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы саласынан басқа, пилоттық округта жалпы шағын кәсіп бойынша  30 миллионнан  астам теңгенің  14 жобасы  ұсынылып отыр. Оның ішінде: шаштараз, монша, тігін цехы және тағы басқа да жобалар бар. Ал, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмысын жақсартуға барлығы пилоттық округ бойынша 131 жобаға сұраныс білдірілген. Жиыннан соң ауыл тұрғындарының бау-бақшаларымен танысқан аймақ басшысы Бесағаш ауылы Бекеев көшесінде орналасқан Мурат Баянбаевтың жылыжайының жұмысын барлады. Аумағы 7 гектарды құрайтын жылыжайдан жылына екі рет өнім алынса, таза табысы 300 мың теңгеге айналуда. Асқар Исабекұлы жоба аясында жылыжайдың жұмысын жандандырып, өнім көлемін арттыру қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, үй іргесіндегі жерің тиімді игеріп отырған жылыжай иесін өзгелерге үлгі ретінде ұсынудын маңыздылығына тоқталды.Өңір басшысы Жамбыл ауданындағы жұмыс сапары барысында Бесағаш ауылдық округінде орналасқан  «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Жамбыл филиалына ат басын бұрды. Онда дәндік жүгері егілген алқаппен танысты. Сондай-ақ, Түрксіб ауылындағы 300 орындық орта мектеп құрылысын көрген облыс әкімі жұмыстар сапалы жүргізіліп, белгіленген уақытында тапсырылуы керектігін ескертті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here