Борышыңды өте, бозбала!

0
476

Жамбыл облысында 2018 жылдың күзгі мерзімді әскерге шақыруға жататын азаматтарды іріктеу және алдын-ала зерделеу жұмыстары басталды.

Облыста 2018 жылдың 10 шілдесінен бастап 28 қыркүйегі аралығында әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары болады.

Зерделеу 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – алдын-ала іріктеу үшін әскерге шақырылушылардың жеке ісі тексеріледі және олардың ата-аналарымен, сондай-ақ ол жұмыс жасайтын немесе оқитын оқу орындарының өкілдерімен әңгімелесу жүргізіледі. Жеке әңгімелесу барысында әскерге шақырылушының моральдық сапасы, денсаулық жай-күйі, дене дайындығы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасы жағдайы анықталады. Әскерге шақырылушылардың жеке ісін сапалы зерделеу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарының, денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері бірлесіп жүргізеді.

Екінші кезеңде әскерге шақырылушылар қалалық және аудандық әскери-медициналық комиссиядан өтеді. Содан кейін Қарулы күштердің қандай түріне және әскери бөлімдерге баратындығы анықталады.

Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here