ЕЛОРДА ТОЙЫ – ЕЛ МЕРЕКЕСІ (фоторепортаж) (Шу ауданы)

0
460

Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы еліміздің барлық өңірлерінде аталып өтуде. Бас қаланың мерейлі мерекесіне орай, Жамбыл жерінде аудандардың мәдениет және өнер күндері ұйымдастырылуда. Өз кезегінде  тоғыз жолдың торабы саналатын Шу өңірінің өнерпаздары аудан халқына концерттік бағдарлама мен өңірдің тарихынан  сыр шертетін көрме ұсынды.

Бұл күні мәдениет үйі маңында көрме ұйымдастырылды. Оған халықаралық, республикалық конкурстардан жүлделі орын алып жүрген қолөнер шеберлерінің еңбектері қойылған.  Сондай-ақ, концерттік бағдарламада айтылған әндер  мен күмбірлеген күй шашулардың барлығы Елордаға арналды. Мерекелік іс-шараға келген қонақтар бас қаланың 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін жіпке тізіп, ақжарма тілектерін жеткізді. Одан соң аудан халқына қазақы салт-дәстүр дәріптеліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here