Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады

0
425

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында татами шеберлерінің додасы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

60 келіде ел намысын қорғайтын Елдос Сметов алғашқы айналымда Индонезия балуанын жеңді. Ширек финалда Сметов Солтүстік Корея өкілі Ан Джи Юнгпен белдеседі.

48 келідегі Галбадрах Отцгонцэцэг ширек финалда Солтүстік Корея спортшысын «ваззари» әдісімен жеңді. Жартылай финалда біздің дзюдошы жапониялық балуанға қарсы шығады.

66 келідегі Елдос Жұмақанов да турнирді сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда филиппиндік спортшыны жеңді. Ширек финалда Жұмақановты моңғолиялық спортшы күтуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here