Джон Маккейн жайында әзілдеген Трамп кеңесшісі Ақ үйден кетті

0
513
Сурет : static.ernur.kz

АҚШ президенті Дональд Трамптың қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Келли Сэдлер ауыр халде жатқан 81 жастағы сенатор Джон Маккейн жайында жөнсіз айтқан әзілі үшін Ақ үйден кеткен. Бұл жайында ernur.kz Reuters агенттігі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен айда жиналыс кезінде Сэдлер президент кандидатурасына қатысты Маккейннің қарсылығын елемеуге болатынын айтып қалған. Ол «саясаткердің пікірі ешнәрсені өзгертпейді, ол бәрібір өледі» деген. Келли Сэдлердің сөздерін барлық БАҚ жариялады.

Сэдлердің бұл сөздері қоғам наразылығын туғызды. Сэдлер қызметінен өзі кетті ме, әлде кетірді ме, нақты айтылмайды.

Былтыр дәрігерлер Маккейннен ми ісігін анықтаған. Ол Трамп әкімшілігін сынаушы. Вьетнамда бес жыл тұтқында болып, азаптауға ұшыраған сенатор әріптестерін ЦРУ басшылығына ұсынылған Джина Хаспелдің кандитаруасына қарсы дауыс беруге шақырған.

2015 жылы Трамп Маккейн қызметін жария түрде мойындаудан бас тартты.

«Ол тұтқында болғаны үшін өзін батыр санайды. Маған тұтқынға түспеген адамдар ұнайды», – деп мәлімдеп еді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here