Головкин қолтаңбасы бар қолғабын Голливуд жұлдызына сыйлады

0
715

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) қолтаңбасы бар қолғабын Голливуд жұлдызы, америкалық актер Марк Уолбергке тарту етті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұлдызбен түскен суретін GGG Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«@Markwahlberg-ті көргеніме қуаныштымын, ол адамгершілігі мол әрі нағыз чемпион», — деп жазды Головкин суреттің сипаттамасына.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жекті 2018 жылы 5 мамырда өткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here