Головкин мен «Канелоның» жанкүйерлермен кездесуінде шатақ шықты

0
1193

Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль «Канело» Альварес Лос-Анджелесте жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Кездесу 5 мамырға белгіленген жекпе-жекке қатысты болды.

Боксшылар көз арбасып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Шара соңында Головкин мен Альвареске қатысты шатақ шықты.

Баспасөз мәслихаты кезінде, «Канело» және Головкиннің бапкері керісіп қалып, жиналғандарды қоздырды.

«Канело жылдамдық аустыру қорабын түзейтін маман тапты деп үміттенем, әйтпесе, алғашқы жекпе-жекте ол артқа ғана қозғалды. Білетінім жекпе-жек соңында жанкүйерлер наразылығын білдіріп гуілдеді және ол Головкинге қарата болған жоқ. Екінші жекпе-жекті ұйымдастыруға ұзақ уақыт кетті, өйткені «Канело» емделуі керек болды және алғашқы жекпе-жек туралы ұмыту қажет еді», — деді Санчес.

Головкиннің промоутері Том Леффлер де бұдан шет қалған жоқ. Ол «Канело» төрешілерге неліктен ұнайтынын түсіндірді. Еске салайық, қыркүйекте өткен алғашқы жекпе-жек мексикалықтың пайдасына 118-110 есібмен аяқталған боалтын. Нәтижесінде жекпе-жек тең аяқталды деген шешім қабылданды.

«Бірінші жекпе-жек арқасында екі боксшы да жаңа деңгейге көтерілді. Бұл мега жекпе-жек болды. Алайда Канело кез келген үлкен жекпе-жекте бір төрешінің болса да өз пайдасына ұпай жазып беретініне сенімді бола алатын сияқты. Бұл оның сары шашына байланысты шығар, осы арқылы төрешілерге әсер ететін шығар. Сол үшін Головкин мен Абель Санчес келесі жекпе-жекті айқын басымдықпен жеңу үшін бәрін жасайды. Геннадий бірінші кездесуінде жеңіске жеткеніне сенімдіміз. Ол қысымды күшейтуге ынталы. Доктор Албель Санчес қысымды күшейтпек, сөйтіп Лас-Вегаста «Синко де Майо» көреміз», — деп келтіреді Леффлердің сөзін AllBoxing.Ru.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here