Голливуд жұлдыздарының Өскемен мешітінде қол жайғаны Қазнетте талқыланып жатыр

2
965

Деректі фильм түсіріліміне қатысуға келген Голливуд жұлдыздары Өскемендегі Халифа Алтай мешітінде болып, батаға қол жайды, — деп хабарайды YK-news.kz. Эрик Робертс, Бай Лин, Марк Дакаскос және Кэри-Хироюки Тагава өңір табиғаты мен мәдениеті туралы деректі фильм түсіріліміне қатысу үшін Шығыс Қазақстанға келді. Сапар барысында олар облыс орталығындағы мешітте болды.

Шетелдік қонақтарды мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатай қарсы алды. Порталдың жазуынша, қонақтар мұсылман дәстүрінің байлағына және өңірде түрлі конфесиялардың бейбітшілікте өмір сұріп жатқаны таңдандырған.

Кездесу мешітке келушілердің көзінше өтті. «Мен ата-жұртымды мақтан етемін және мына адамдарға мәдениетіміздің байлығы туралы әлемге жар салатыны үшін алғыс білдіремін», — дейді мешітке келушілердің бірі.

Кездесу соңында қонақтар батаға қол жайды. Осыдан кейін қонақтарға Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінде жарыққа шыққан кітаптар сыйға тартылды. Кітапта ислам діні мен мәдениетінің Қазақстанда қанат жаюы туралы айтылған.   YK.kz порталының жазуынша, қонақтар Андреев кафедралды соборына да барды.

«Қазақстанды барлығы «Борат» фильмі арқылы ғана біледі. Біздің мақсат — елдің іс жүзінде қандай екенін таныту. Фильмде көрсетілген елге қаншалықты ұқсамайтынын көрсету», — деп келтіреді сайт Марк Дакаскостың сөзін.

2014 жылы Тагава «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің қонағы болған еді. Актер ол кезде Қазақстан сарбаздар елі емес, рухы мықты жауынгерлер мекені деген болатын. 2011 жылы қазақстандық фильмнің түсірілімі кезінде актер бес күнде 20 литр қымыз ішкен екен.

 

2 ПІКІРЛЕР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here