Газ мәселесі шешімін тапты

0
377

Жамбыл облысында газдандырылмаған 88 мың отбасы газ торабына қосылды – деп хабарлайды http://zhampoz.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді тұрғындарды газ торабына қосумен «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесі айналысатын болды. Сонымен қатар, газды жеткізу құны 150 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін түсті.
Аймақтағы газдандырылмаған 171 елді мекен мәселесі бойынша жалпы 43 млрд. 761 млн.теңге құрайтын 11 жоба дайындалды. Аталмыш жобаларды 2019-2022 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда. Айта кетейік Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру тапсырмасы берілген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here