«БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА» -НЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫ ҚАНДАЙ?

0
17

 

Таразда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 400-ге жуық тұрғын басыбайлы баспанасына қол жеткізіп үлгерген, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Пәтерлер 15-мөлтек ауданда жəне «Арай-2» алқабында әлі де сатылып жатыр. Тараз қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Диля Сөкжанова «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бес әлеуметтік бастаманың орындалуы бойынша облыстық тәжірибелік конференцияда мәлімдеді. Сондай-ақ сала маманы «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы жасақталып, 300 азаматтың құжаты мақұлданғанын хабарлады. Әлеуметтік бастаманың елімізде іске асырылу барысына жүргізілген мониторингте Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі салымшысы мен «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы арқылы алатын қызмет алушылардың құқықтары бірдей сақталмайтындығы анықталды.Айта кетейік, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастама бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингі» тақырыбымен мемлекеттік грант иегері атанған болатын. Іс-шара осы аталған грант аясында өткізілді.

Елбасының “Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру” әлеуметтік үндеуі шеңберінде облыста бекітілген іс-шара жүзеге асырылуда. Облыста 377 елді мекен бар. Оның 181, немесе 48 пайыз. Болашақта 2019-2027 жылдары газдандырылатыны 196 елді мекен, немесе 100 пайыз. Соңғы 10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді-мекен. 2019 жылы елді-мекендерге газ келтіру құбырының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 6,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл жобалар толық іске асқан кезде 5 ауданның 81 елді мекенінде тұратын 101 мың адамның жағдайы жақсаратын болады. (Шу ауданының (18.е.м 22 130), Жамбыл ауданының (13е.м. 12 631 адамм), Жуалы ауданының (15 е.м. 94574 адам), Сарысу ауданы Жаңатас қаласына дейін салынатын газ келтіру құбырының құрылысына 3 млрд. теңге бөлінді (14 е.м. 39 539 адам). Жаңатас қаласына дейін тартылатын құбыр құрылысына 2020 жылы қалған 4,7 млрд. теңге жоспарланған. Оның ішінде тек қана республикаға қарамай, Байзақ ауданының 21 елді мекеніне газ келтіретін құбыр құрылысына облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге (21 е.м 17 241 адам) бөлінді.
Елді мекендердің ішінде газ тарататын құбыр құрылысына жобалық- сметалық құжаттарды дайындауға 2019 жылы облыстық бюджеттен 52 820 мың теңге бөлініп, 5238 адамды орталықтандырылған газ торабына қосу қарастырылуда (Жамбыл-5 е.м.: Шу-2 е.м.) Жыл соңына дейін 9 елді мекенді (Талас ауданы-5 елді мекен, Сарысу ауданы-4 елді-мекен) орталықтандырылған газ торабына қосып, газдандырылған елді-м екен санын 190 жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, үлестік саны 50 пайызды құрайтын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here