БАСПАНА АЛУДЫҢ ТИІМДІ МҮМКІНДІКТЕРІ

0
16

Елбасының Бірінші бастамасы: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».
2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына
16,0 млрд. теңге бөлініп игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 5,9 млрд.теңге, бағалы қағаздар есебінен 6,2 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 3,9 млрд.теңге.
Аталған қаржылар есебінен 32 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, 30 көппәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға беріледі (оның ішінде кредиттік — 20 үй, арендалық — 6 үй, 4 жатақхана).
Сонымен қатар, бюджеттік қаражат есебінен 24 инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысы жүргізіліп, жылдың соңына дейін 22 жоба пайдалануға беріледі, деп хабарлайды http://zhampoz.kz
Нәтижесінде, 1990 пәтер пайдалануға беріліп, 4 654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.
Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 363 пәтерлі
6 үйдің (22 800 шм) құрылысы аяқталды.
Жыл қорытындысымен 482,3 мың шм тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспарға 112 пайызды құрайды (меже 430,9 мың шм).
2019 жылға жоспар 465,4 мың шм болып белгіленіп отыр.
(Алдын ала есеп бойынша: көппәтерлі тұрғын үйлер – 101,139 мың шм, жеке тұрғын үй құрылысы – 364,261 мың шм).
«7-20-25» бағдарламасын халық арасында ақпараттандыру үшін Тараз қаласында ақпараттық орталық жұмысы ұйымдастырылды (14.11.2018 жылдан бастап). Жергілікті телеарнада арнайы бағдарлама ашылды (эфирге 10 рет шықты).
Арай-2 мөлтек ауданынан 480 пәтердің 378-і «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатылып, қалған 102 пәтері «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылуда.
Бүгінгі күнге 102 пәтердің 51-і сатылды, оның ішінде: 1 бөлмелі – 6; 2 бөлмелі – 23; 3 бөлмелі -21, 4 бөлмелі -1.
44 пәтер «ҚТҚЖБ» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалына өткізілді. (қалғаны 7 пәтер).
15 мөлтек ауданы бойынша 720 пәтердің 425-сі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатылды. Қалған 295 пәтері «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылымда.
295 пәтердің 91-і сатылды, оның ішінде: 1 бөлмелі – 8; 2 бөлмелі – 73; 3 бөлмелі – 10 (қалғаны 204 пәтер).
Жалпы 142 пәтер сатылып, мемлекеттік бюджет кірісіне 927 701 600 тенге түсті.
Жергілікті бюджеттен алғашқы жарналарды субсидиялау (тұрғын үй сертификаттарын беру) жоғарғы тұрған НҚА-ге енгізіліп жатқан толықтырулар күшіне енген соң жүргізіледі. Әкімдік қаулының жобасы пысықталуда.
Ақпарат үшін:
Бүгінде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 25 770 адам тұр:
Ұлы Отан соғысы ардагерлері – 9 адам (0,003%);
жетім, қамқролықсыз қалған балалар – 2 809 адам (10,9%);
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, көп балалы аналар, көп балалы отбасы – 2661 адам (10,3%);
халықтың әлеуметтік осал тобы – 12 636 адам (49%);
бюджеттік қызметкерлер – 7654 адам (29,7%);
үйі авариялық деп танылғандар – 1 адам (0,003%).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here