АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТҚАН ЖАҢА ЖОЛ (Жамбыл ауданы) (бейнесюжет)

0
586

Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық ауылын Тараз қаласымен жалғайтын жол қайта салынды. Нәтижесінде ауыл менен қала қашықтығы  2 шақырымға  қысқарды. Іргедегі ауылдың тұрғындары  қалаға жиі әрі үздіксіз қатынайтынын ескерсек бұл өте тиімді болып отыр, деп хабарлайды  http:// http://zhampoz.kz JAMBYL телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда, алысты жақындатқан жолдың бойныда әлі де бірқатар атқарылар тірлік те бар. Ауылға барып тұрғындардың пікірін тыңдап қайтқан Гүлзат Сейдуллақызы.

Бұл жолға бюджеттен 22 млн 46 мың теңге бөлінген Жалпы ұзындығы 820 метр.Ең басты тиімділігі  Шайқорық ауылындағы тұрғындардың Таразға барар жолы 2 шақырымға қысқарды. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Дегенмен, жолға қатысты ауыл тұрғындарының әлі де тілегі бар.

1. Нормально ограждение болу керек. Бордер жоқ.

2. Жолдың белгілерін қойса екен. Ана көпірде де ограждение жоқ. Соны қою керек. Мына жерде опасный.

3.Мынамен келген кезде каналға өтіп кетеді. Бұл каналға түскеннен кейін тірі қала ма? Тірі қалмай ма? Бір Алла біледі. Шағал сырғанақ. Мына жерге темір қою керек.

Жол тақтайдай тегіс болғанымен мұнда көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін ескертетін белгілер мүлдем қойылмаған. Мәселен, мына жолда жүйіткіп келген көлік алдындағы бұрылысты байқамай, үлкен каналға түсіп кету қауіпі бар. Мұндағы көпірлер де жөндеуге сұранып тұр.  Бұл жайларға қатысты жауапты мамандармен сұхбаттасып,халықтың базынасын жеткіздік.

Дулат ЫБЫШЕВ-ТКШ,  ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А /жақын күндері жасаймыз

Ауылдағы жол бойында  мектеп алдында биік салынған жылдамдықты азайтуға арналған жол бөгеті де бар. Бірақ, ескерту белгісі  жоқ. Соның салдарынан жүргізушілер  көліктерін соғып, жөндетуге мәжбүр болыпты.

Данияр ӘРІПБАЕВ-АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ\Мектептің алдындағы лежачиге ол асфальтпен істеле ме? Резинамен бе біз білмейміз.Бірақ, алдын-ала  осынша метр қалғанда знак тұру керек. Ол жерде знак жо, асфальтпен істелген..Балалар күндіз оқиды. Түнде жүретін адамдар байқамайды. 40-пен келе жатқан адам өтеді. Көліктің асты төмендер ұрады. Бугоры өте биік.\

Иә, жол тегістелді, алысты жақындатты. Енді, тұрғындар тілегіміз ескерілсе, ең бастысы қауіпті көпір реттелсе деген ниетте.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here