Алматы ІІД өкілдері КТК операторын іздестіру жұмыстарына қатысты пікір білдірді

0
535

Алматы қалалық ІІД КТК телеарнасының операторы Олжас Белгібаевтің жоғалып кетуі жайлы мәліметке пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы ІІД ресми өкілінің мәліметінше, қазіргі уақытта Бостандық ауданының ІІБ өкілдері жедел-тергеу тобын құрды. «Жедел-іздестіру шаралары аясында жоғалып кеткен Белгібаевтің қайда екенін анықтауға барлық күш жұмылдырылды. Түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр», — деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда КТК операторының осымен бесінші тәулік іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.  Сенбі күні киноға кеткеннен сол күйі оралмаған. Досының айтуынша, Олжастың телефоны сөндірулі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here