Даму көрсеткіштері экономиканың өсімін айғақтады

0
464

Ағымдағы жылдың 7 айдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қандай? Алдағы күтілетін нәтиже  мен сан саладағы жоба-жоспарлар бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында  талқыланды. Жиында сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен жаңа оқу жылына даярлық жайы сұралды.

Өңірдің бас экономистінің мәліметтеріне сүйенсек, облыс аудандарында экономиканың оң өсімі қалыптасқан. Міндеттелген межелердің әр сала бойынша  ішінара тиісті көрсеткішке қол жеткізбегендігі болмаса, нәтиже жаман емес. Бастысы, мақсатты индикаторға жету жолында жасалып жатқан жұмыстар бар.

Нүрипа НҰРЖІГІТОВА – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дей тұрғанмен, біздегі ауылшаруашылығына әлі де болса серпін керек. Мемлекет басшысы алдағы бес жыл мерзімде еңбек өнімділігін арттыруды тапсырған болатын. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар көңіл көншітпейді. Республика бойынша ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысына тиесілі..

Берік НЫҒМАШЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Керісінше, аймақта  ауылшаруашылығы жұмысшыларының саны артқан. Бірақ жұмыс көлемі жоқ.  Жауапты басқарма басшылары жұмыссыздар санын қысқартып көрсетудің тың тәсілін тапқан көрінеді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың көбісін нақ осы салаға ысыра салады, дейді басшылар. Бір жылдың ішінде ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің саны бірден 19540-қа артқан.

Мәден МҰСАЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл өз кезегінде адам саны осынша бола тұра, жұмыс ауқымы жоқ деген дерекке әкеп соқтырмақ. Сондықтан статистиканы қайта қарап, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмысшы тобын құру ұсынылды. Жиында сонымен бірге 7 айдағы қаржы игеру мәселесі де қаралды. Мұнда бөлінген қаражатты игермеу жағынан Тараз қаласы көш бастап тұр. 1 млрд, 307 млн, Сарысу 98 млн және Жуалы ауданы 231 млн теңгені игере алмай отыр. Ал сегіз айдың қорытындысы бойынша 3 млрд-тан астам теңгенің игерілмеу қаупі бар.

Батырхан ӘКЕК — ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бекболат ОРЫНБЕКОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңа оқу жылына даярлық пен өзге де хаттамалық тапсырмалар, сондай-ақ қысқа мерзімді мәселелердің орындалу барысы жауапты басшылар мен аудан әкімдерінен   сұралып,осы бағытта жасалып жатқан тірліктер тағы бір мәрте пысықталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here