Азық-түлік тегін таратылды

0
615

«Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа бағыты» атты ақпараттық автокеруен №11 аумақ округінің әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына тегін азық-түлік таратып берді.

Қайырымдылық шара «Өркен-ниет» қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Қор «Ақдастархан» жобасының аясында аз қамтамасыз етілген отбасыларға күнделікті пайдаланатын күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш сияқты азық-түлік түрлері таратып берді. Барлығы 150 отбасыға таратылған себеттің әрқайсысының құны — 6000 теңге. Жергілікті билік пен қор тарапынан жасалған бұл бастамаға округ тұрғындары ризашылықтарын да жеткізді.

– Өтіп жатқан іс-шара бойынша қайырымдылық күніне қатысты біз, қала аумағының шетінде орналасқан әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға көмек көрсетуге ниет еткен едік. Қайырымдылық себетіне қол жеткізген қауымның қуанышында шек жоқ. Мейірімділік салтанат құрған жерде ізгілікті қоғам қалыптасатынына сенемін дейді,- қала әкімдігі №11 аумақтық округінің бас инспекторы Мұрат Аткулиев.

Айта кетейік, азық-түлік өнімдерін «Өркен-ниет» қоғамдық қоры  тасымалдаған. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі мен еріктілер жасағы жұмылдырылған. Сонымен қатар осы шараның өтуіне қолдау білдірген қала әкімдігі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті. Алдағы уақытта қайырымдылық шаралары өз жалғасын табады,-дейді «Өркен-ниет» қоғамдық қор өкілдері. Расында, аталмыш қор белсенділері бірнеше бағытта қайырымдылық шарасын өткізіп келеді. Осыған дейін олар бірнеше жыл қатарынан тұрмысы төмен отбасыларды көмір, киім-кешек және мектепке қажетті құрал жабдықпен қамтамасыз еткен.

«Қазір қымбатшылық заманда жетім-жесірлерге жәрдемдесіп, азық-түлік өнімдерін тегін таратып  жатқандарына алғысым шексіз. Өзім жалғызбасты анамын екі балам әкесіз қалған. Игі дәстүрді жалғаған ұйымдастырушылар жұмысына сәттілік тілеймін»- дейді алқап тұрғыны Ақмарал Қалданова.

Бүгінде №11 аумақта 2214 түтін бар. Аумақтық округ құрамына «Көлтөған», «Шөлдала», «Құмшағал» ауылдары еніп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here