АЗИАДА ХVIII: ЖАПАРОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІ

0
331

Индонезия астанасы Джакартада Азия ойындары жалғасуда. 18 –рет өтіп жатқан додада Әулиеаталық таэквондошы Руслан Жапаров қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Өз кезегінде спортшыға жерлестері де ерекше құрмет көрсетті. «Тараз-Арена» спорт-кешенінде Руслан Жапаровпен салтанатты кездесу өтті.

Таэквондо сары құрлықта жғоары деңгейде  дамыған. Сондықтан, Азиада бәсекесі кіл мықтылар сайысы десе болады. Осы додада Руслан Жапаров 80 килограммнан аса салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүлде алды. Жерлесіміз жартылай финалда ғана  8: 11 есебімен Ирандық Ражаби Саидтке жол берді.     Естеріңізге сала кетейік, Руслан Жапаров 2016 жылғы Риода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының  туын көтеріп шыққан еді. Бірақ, жүлде бұйырмады.  Азия ойындарындағы  жүлде айтулы халықаралық  додалардағы  екінші жеңісі. Дегенмен, 21 жасар атлеттің үлкен жеңістері  алда деп сенеміз.

Руслан ЖАПАРОВ –  «Азиада-2018» ойындарының қола жүлдегері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here