«Агробизнес-2020» бағдарламасының орындалу барысы туралы

0
716

Тараз қаласы бойынша бүгінгі күнге 61 шаруа қожалығы және «Заң» ЖШС тіркелген. Тіркелген шаруа қожалықтары өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Статистика басқармасының мәліметіне сәйкес қала аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын  87 цехтар мен мекемелер қызмет атқарады.     Сондай-ақ, қала аумағында бидай өнімін өңдеп, ұн өнімдерін шығаратын «Беркут», «Дарамил», «Астық қоймасы» ЖШС-і тұрақты түрде өз жұмыстарын жүргізуде.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасын насихаттау мақсатында қала бойынша тіркелеген агроқұрылым басшыларымен тұрақты түрде семинарлар өткізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу саласындағы кластерлік бағдарламаларды дамыту бағыты бойынша «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары Тараз қаласының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорындары мемлекет тарапынан қаржыландырылды.

Агроқұрылым басшыларына мемлекеттік қолдау ретінде бөлім тарапынан субсидия алуға тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылға 5 шаруа қожалық тарапынан 66,9 тонна көлемінде минералды тыңайтқыштар (аммофос-23,3 тонна, аммиакты селитра-43,6 тонна) алуға өтінімдер қабылданып, субсидия алды.

Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетілігін және өнімділігін арттыру мақсатында қала аумағында орналасқан «Рамазан» ШҚ-ы 0,87 га жерге жылыжай салу үшін Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы (ӘКК) арқылы  қаржылай көмек ала отырып, тамшылатып суару технологиясын енгізді.

«Рамазан» ШҚ-ы қазіргі уақытта Тараз қаласы дүкендерін қиярмен қамтамасыз етуде. Аталмыш ШҚ басшысы 5 адамды тұрақты және 8 адамды маусымды жұмыспен қамтуда.

2017 жылы «Рамазан» шаруа қожалығы «Басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге»  субсидия алды.

2017 жылдың 1 желтоқсанында Тараз қаласында құрама жем өңдеп шығаратын «GOOD LOOK» зауыты ашылды. Аталмыш зауыттың жылдық қуаттылығы – 36 мың тонна. Ашылған жұмыс орындарының саны – 237.

Алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес -2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бөлім тарапынан жұмыстар жүргізіле береді.

          Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Өмірзақов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here